Ақтөбе облысында биылғы жарты жылда импорт көлемі 13 пайызға артқан. Сондықтан, облыс әкімі сырттан тасымалданатын тауар көлемін азайтып, жергілікті өнім түрлерін көбейтуді жүктеді.
2016 жылдан бері өңірде жыл сайын өнеркәсіп өнімдері мен азық-түлікті өндіру және тұтыну балансы жасалады. Соның нәтижесінде, өңірлерден жеткізілетін өнім есебінен аймақты 100 пайыз қамтамасыз етуге болатыны анықталды. Алайда, шетелден тауар тасымалдау әлі тоқтамай отыр. «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен «Атамекен» палатасына және өзге де жауапты басқарма басшыларына мәселені шешу тапсырылды.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:
- Кейінгі кезде бізде импорт өсіп бара жатыр. Осы жарты жылдың ішінде импорт он үш пайызға көйбейген. Егер естеріңізде болатын болса, осыдан үш жыл бұрын біз баланс жасаған болатынбыз. Соның негізінде біз мүмкіндігінше импортты азайтып, экспортты көбейтуіміз керек.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.