Астананың 2023 жылға дейінгі жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары қабылданды
Бүгін Үкімет отырысында Астананың 2023 жылға дейінгі жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары қабылданды. Бұл құжат бойынша қаладағы бес ауданда құрылыс қарқынын арттыру көзделген. Ол мыңжылдық аллеясы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңы және Мәңгілік ел даңғылы мен Тұран даңғылын басты бет бөлігі. Осының нәтижесінде 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, 24 мектеп пен 10 мектеп жанынан жапсарма құрылыс және 2 медицина мекемесін салу жоспарланған. Кешенді жоспарды жүзеге асыруға 1 триллион 473 миллиард теңге қарастырылған. Бұл соманың басым бөлігі республикалық бюджеттен. Әкімдік осы жоспар аясында нөсер жауын суымен күресу үшін де Үкіметтен біраз қаржы сұрап отыр.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Сумен жабдықтау, су тарту және нөсер жауын кәріз жүйесі бойынша әкімдік 154 миллиард теңгенің 39 жобасын қосуға ұсыныс берді. Министрлік жалпы алғанда аталмыш жобалардың жүзеге асырылуын қолдайды. Министрлік көрсетілген жобаларды қаржыландыру мәселесін 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде болады деп есептейді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы