Жыл соңына дейін туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленбек

18.09.2018

Жыл соңына дейін туризм туралы заң жобасы мен саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдердің халықаралық форумында айтылды. Cонымен қатар, шара шеңберінде «Nationai Tourism Awards» ұлттық сыйлығын тағайындау туралы ұсыныс қолдау тапты. 17 аталым бойынша өтетін байқауға өтінімдер 20 қыркүйектен бастап, tourismawards.kz сайтында қабылданады. Форум аясында күні бойы бірнеше панелдік кездесу өткізіліп, туристік саланың әр елден келген мамандары сервис стандарттарын жетілдіру, туризм маркетингін тиімді ету, интернеттегі қызметтерді насихаттау мен Жібек жолы елдерінің өзара ынтымағын ілгерілету жайын талқылайды.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу