Өнегелі өмір. Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай атаумен шығармашылық кеш өтті. Шара еліміздегі белгілі этнограф, тарихшы және өлкетанушы Зейнолла Қайсеновтің 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған.
Зейнолла Әбдікәрімұлы Шығыс Қазақстан облысының Тарғын ауылында дүниеге келген. Педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген ол 30 жылдан астам ұстаздық еткен. Өңірдің этнографиясын зерттеу жұмыстарымен де қатар айналысқан.
«Шығыс Қазақстанның тарихи очерктері», «Найман шежіресі» атты бірнеше кітаптары жарыққа шыққан. Бүгінде тағы екі туындысы әзір тұр. Шығармашылық кездесуге келгендер өңір тарихы туралы келелі әңгіме қозғады. Зейнолла Қайсенов кейінгі кезде өлке тарихына қызығушылық танытып жүрген азаматтар қатарының артып келе жатқаны қуантады дейді.
Зейнолла Қайсенов, тарихшы, этнограф:
- Көпшілік жақсы оқиды. Қазір, әрине, кітап оқитындар азайып кетті. Дегенмен, ақсақалдар, кітапханалар алып оқиды. Менің ойымша, халық түсінгеннен кейін, келешекте кітапты оқитын болады.
Б.КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.