Басты Жаңалықтар «Жетісу» географиялық қауымдастығының мүшелері 7 шыңды бағындырды

«Жетісу» географиялық қауымдастығының мүшелері 7 шыңды бағындырды

Елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысындағы «Жетісу» географиялық қауымдастығының мүшелері жиынтығы 20 мың метр болатын 7 шыңды бағындырды. Ең биігі Хан Тәңірі шыңы болса, 1500 метрден жоғары Текелі, Лабасы, Панорама, Турист шыңдары бар. Жас альпинистер Алматы облысында тау туризмін дамытып, саламатты өмір салтын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп отыр.

Сондай-ақ, олар өңірдің тарихын, этнографиясын зерттеп қауымдастықтың қоржынын тың ақпараттармен толықтыруды көздейді.

Жалпы, Жетісу таулары әлі де зерттелмеген, адам аяғы баспаған шыңдармен де бай. Географиялық ұйым болашақта жаңа туристік бағыттар ашып, атауы жоқ шыңдардың да тізімін жасауды жоспарлап отыр.

Әнуар Демегенов,  «Жетісу» географиялық қауымдастығының жетекшісі:

Осы жылға қауымдастықтың ғана мүшелерін алдық. Өйткені, қауіпті болғандықтан тұрғындарды, азаматтарды алмағандықтан өзіміз тексеріп тауларға шықтық.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу