Жедел саты төмен құлдилағанда ішінде бірнеше адам болған. 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала шұғыл аурухана жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгесін үйлеріне жіберілді. Тұрғын үй инспекциясының өкілдері бұл жағдайға тұрғындардың өздерін айыптап отыр. Себебі, шамадан тыс салмақтан жедел сатының тросы үзіліп кеткен. Абырой болғанда лифтінің авариялық автоматты өшіру жүйесі дер кезінде іске қосылып үйдің жертөлесіне жетпей бірінші қабатта тоқтаған. Бес ай бұрын дәл осы Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт шахтасына 2 жасөспірім құлап, қайтыс болған еді.
Көпжасар Меңдіғалиев, тұрғын:
- Осы ортаңғы подъездегі лифттен 2011 жылы келіншек баласымен құлады. Баласы аман қалып, өзі кетті. Осы 23-ші үйдегі 4-ші жағдай болып жатқан.
Қайрат Хабиев, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:
- Ақпаратымыз бойынша, лифтте 7 адам болған. Салмақтың көбеюіне байланысты лифттің авариялық системасы жұмыс жасаған. Осы Алмагүл мөлтек ауданындағы сегіз 16 қатарлық үйдің барлығы 2012 жылы терможаңғыртудан өтіп лифттері ауыстырылған.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.