Басты Жаңалықтар Астанада отбасы құндылығын сақтауға арналған арнайы жиын өтті

Астанада отбасы құндылығын сақтауға арналған арнайы жиын өтті

«Үлгілі отбасы - қоғам тірегі» атты кеңейтілген семинарды қала әкімшілігі мен діни басқарма мамандары өткізді. Үлгілі жанұя болу үшін не істеу керек, ер мен әйел арасындағы сыйластық пен өзара түсіністік қалай болу керек.

Міне, осы сұрақтарға елге танымал белігілі ғалымдар, этнографтар және дін мамандары өз ойларын ортаға салып, кеңестерімен бөлісті. Мұндай іс-шара әсіресе, жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін өте қажет. Өйткені, бастарын қосқанымен, артынша ажырасып кетіп жатқан жастар бар. Осындай келеңсіздіктерге жол бермес үшін отбасы құндылықтарын насихаттайтын қажетті шаралар дәстүрлі түрде өтіп тұрады.  

Асқар Мұқанов, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы:

- Қазақ айтпақшы, «үйлену оңай, үй болу қиын». Осы өмірдің қиындығында ер мен әйелдің арасын жарасымды ететін мәселелер қозғалып, салт-дәстүр жағынан да толыққанды мағлұмат жеткізілетін болады.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу