«Рухани жаңғыру жолындағы қоғамның рөлі». Ақтөбеде осындай тақырыппен зиялы қауым өкілдері мен облыс әкімінің кездесуі өтті. Жиында ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, жастар арасында тәртіпсіздікті болдырмау, жұмыссыздықты жою және тұрғындардың мәдениетін арттыру мәселелері сөз болды.
Жиналған қауым күнделікті өмірде кездесетін келеңсіздіктерді болдырмау, олармен күрес туралы ойларын ортаға салды. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысынан хабар етіп, жан-жақты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, тәртіп бұзушылық деректерінің әрбір үшіншісі жастардың қатысуымен болатыны алаңдатып отырғанын айтты. Зиялы қауым өкілдері жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтып қана қоймай, оларды теріс әрекеттерден сақтауға күш салу қажет деген пікірлерін білдірді.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:
- Ахмет Байтұрсыновтың сөзін жақсы білесіздер, «Ұлттық сана-сезімі жоқ, мәдениеті жоқ адамда намысшылдық рух болмайды». «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да негізінен осыдан алынған. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны толығымен орындап жатырмыз деп айтуымызға болады.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.