Қарағанды облысының астықты Нұра ауданына - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының астықты Нұра ауданына - 90 жыл

17.09.2018

Қарағанды облысының астықты Нұра ауданының құрылғанына 90 жыл.  Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тоқсан жылдыққа - 90 игі іс» акциясы өтті. Аудан орталығы Нұра кентінде білім аллеясы ашылды. Мұнда қазақтың біртуар тарихи тұлғалары туралы  ақпарат электронды тақта беттеріне жазылған. Серуенге шыққан жұртшылық, әсіресе жастар үшін бұл үлкен ғибратты дүние. Ал Тікенекті ауылында шаруа қожалығының қолдауымен мәдениет үйі жөнделіп, ауласына субұрқақ салынды.  Баршын ауылының жастары болса, мерейтой қарсаңында жаңа саябақты тарту етті. Сондай-ақ, Жараспай ауылының кәсіпкер азаматы көше жолдарын жөндеу үшін 40 миллион теңге қаржы бөлген. Ауданның 90 жылдық торқалы тойы Нұра кентінде кеңінен тойланды.

Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, Нұра ауданының құрметті азаматы:

-Тәуелсіздік алғаннан бері Нұра керемет дамыды, өсті. Үлкен өнім шығарып жатқан егістік өлкелер, кенттер жаңаша салынып жатқан, соның барлығы ерекше қуантады. Шалғайдағы аудан емес, Астананың түбінде. Астанаға қарап Нұра да дамып, өсе беруі керек деп ойлаймын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу