Іскер әйелдердің кәсібін дамыту үшін немесе жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 5 пайыздық жеңілдікпен 10 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар.
Бұл бизнесте жүрген қыз-келіншектерге үлкен қолдау. Қызылордалық кәсіпкер Айнұр Бермағамбетова өңірде алғашқылардың бірі болып жаңа бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізді.
Осы уақытқа дейін балабақша ісін жүргізген Айнұр енді жолаушы тасымалымен айналыспақ. Ол үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының көмегімен 10 миллион теңгеге несие алды.
Айнұр Бермағамбетова, кәсіпкер:
- Құжаттарды жинауға 5 күн кетті. Содан кейін маған екі апта уақытында «сіздің бизнеске несиелендіру қолдау көрсетті» деп хабарлады. Сол кезде мен арманымның орындалғанына қатты қуандым.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.