«Цеснабанк» агроөнеркәсіпті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Цеснабанк» агроөнеркәсіпті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды бастайды

14.09.2018

Үкімет жақын арада аграрлық секторды қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске асырады. Осы мақсатта «Цеснабанкпен» агроөнеркәсіпті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталады. Банктің үлесіне саланы несиелендірудің 65%-дан астамы тиесілі. Сол себептен, «Цеснабанк» «ҚазАгро» холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды. Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк «Цеснабанктен» 450 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, «Цеснабанктің» қаржылық тұрақталығын нығайтады. «Цеснабанктің» акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады. Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу