Емханаларға тіркелу науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емханаларға тіркелу науқаны басталды

14.09.2018

Елімізде емханаға тіркелу науқаны басталды. Яғни, қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыру мүмкіндігі туды. Былтыр 300 мыңнан астам қазақстандық  емхана таңдау құқығын пайдаланған. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштен екі есе көп.  Мамандар емхананың үйге жақын болуы маңызды деп есептейді. Өйткені, жедел медициналық көмек қолжетімді бола түседі. Дәрігерлердің жүктемесін төмендетіп, емханалардағы кезекті азайту мақсатында биылдан бастап өзгерістер де енгізілді. Енді 1 дәрігер тек 1700 адамға ғана қызмет көрсете алады. Бұрын бұл көрсеткіш 2000 науқасқа дейін жететін. Айта кетейік, Қазақстанда 1400-ге жуық медициналық ұйым бар. Оның 623-і - жеке меншік. Осы аталғандардың бәрінде қазақстандықтар тегін медициналық көмекке жүгіне алады.

Забира Оразалиева, МСҚ Медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры:

- Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу