Қылмыстық іске қатысты адамдарды жеткізу процедурасын нақтылау қажет
Бұл туралы Бас прокуратурада өткен криминологиялық форумда айтылды. Форум қатысушыларының мәлімдеуінше, «адамды 3 сағаттан артық ұстауға болмайды» деген заң нормасы жиі бұзылады. Өйткені, қылмыстық іске қатысы бар жәбірленушіні не болмаса куәгерді сот алаңына жеткізу үшін кей жағдайда 1-ден 2 тәулікке дейін уақыт кетеді. Басқа қаладан алдыратын кездер де болады. Осыны алға тартқан мамандар қолданыстағы заңға толықтырулар енгізу қажет деп есептейді. Сондай-ақ, жиын барысында қамауға алуға қатысты жыл басында енгізілген өзгерістердің оң нәтижелері жария етілді.
Серік Шалабаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау академиясының проректоры:
- Бүгінгі күні қамауға алу мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін, кәмелетке толмағандарға 24 сағатқа дейін қысқартылған. 72 сағат күрделі қылмыстарға қалдырылып отыр. Қалғанының бәрі 48 сағатқа шегерілген. Нәтижесінде азаматтардың ұсталуы әлдеқайда азайды.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы