«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атырау облысында жыл аяғына дейін мыңнан астам баспана ел игілігіне беріледі. Облыс әкімдігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім негізінде аймақтағы 2 мың тұрғын баспананы арзан бағамен сатып ала алады.Құжат шеңберінде 2019 жылы тапсырылатын 4 нысанның құрылысы басталады. Сондай-ақ, «Нұрсая» ықшам ауданында 100 пәтерлік тұрғын үй және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұрсая» және «Береке» аудандарында 21 баспана салынады.
Ләззат Ибрагимова, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы:
- 2019 жылға дейін Атырау облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғындарды пәтермен қамтуға байланысты рекорд орнатылмақ. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1512 пәтер пайдалануға беріледі. Одан өзге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісімге келдік. Осы келісімге сәйкес 29 пәтердің құрылысы басталады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.