Қостанайда құбыр жарылып 30-дан аса көпқабатты тұрғын үй суық сусыз қалды. Апат қаланың орталығындағы Тәуелсіздік - Сьянов және Тәуелсіздік - Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Арнайы бригада ақау шыққан жерде тәулікке жуық уақыт үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Ал тұрғындарға ауызсу көлікпен тасымалдануда. Биыл Қостанай қаласында бірнеше көшедегі су құбырлары ауыстырылған болатын. Алайда, желінің бәрін бірдей жаңалап шығу әзірге мүмкін болмай тұр.
Виталий Панаетов, «Қостанай су» МКК бас инженері:
- Себеп су желісінің әбден тозғандығында. Апат қаупі жоғары. Қысымға арналған құрылғыны ауыстырып, апат салдарын жойдық. Көп ұзамай тұрғын үйлерге суық су беріле бастайды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.