Шекарадағы шешілмеген мәселелер
1 миллиард 94 миллион теңге. Бұл қаржы қазақ-қытай шекарасындағы Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орналасқан бөлімшелерін жөндеу үшін қажет. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізіп, осы және өзге де мәселелерді талқылады. Комитет басшысы Дариға Назарбаеваның айтуынша, проблемалар депутаттардың бақылауында болады деді.
Азат елдің айбынды әскері. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде 5000 адамнан тұратын жеке құрам бар. Сенат депутаттары олармен кездесті. Бұрын тұрақты жұмысы бар, бірақ тұратын үйі жоқ әскерилер көп болатын, жаңа қабылданған заңға сәйкес тек бұл бөлімде келісімшартпен жұмыс істейтіндердің 25-30 пайызы жақында баспаналы болады.
Сайып қыран сарбаздарымыз бұл. Олар әрқашан мемлекеттің тыныштығын күзетуге әзір. Енді қазақ армиясының әскери әлеуетін сақтап қалу маңызды.
Индира Бегайдар,тілші:
-Қорғаныс министрлігі әскери авиация саласына шабуылдаушы тікұшақтарды көптеп тартуда. Мәселен, МИ-8 тікұшағы Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқан.
15 мың шақырымға созылған шекарамызды шегендедік, мызғымастай етіп бекіттік. Ел қорғандарына арналған жауапкершіліктің жүгі терең. Сенаторлар қазақ-қытай шекарасындағы Майқапшағай өткізу бекетінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, 2535 әскери бөлімінің Күршім шекара отрядында көшпелі отырыс өткізіп, шекарадағы шешілмеген мәселелерді талқылады. 1 миллиард 94 миллион теңге қаражат қажет.
Дархан Ділманов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры:
-Бұл қаржы қазақ-қытай шекарасындағы Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орналасқан бөлімшелерін жөндеу үшін қажет. Соңғы 5 жылда қаржыландыру өз деңгейінде жүзеге аспай келеді. Инфрақұрылым тозған. Тіпті, 1920 жылдары салынған бөлімшелер бар.
Шекара қызметіндегілер Қаржы министрлігінің өкілдерін қонаққа шақырды. Келіп, көзбен көріп, мәселені түсінсе екен деген тілектері бар. Шешілмген мәселе тек бұл ғана емес. Кейбір бекеттерде элекр энергиясы, сумен жабдықтау жағы да ақсап тұр.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы:
-Экономика, стратегия. Барлығын қауіпсіздік мәселесін шешпей тұрып, қалай жоспарлаймыз? Бұл расымен де өзекті мәселе. Оны депутаттар бақылауына алады. Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке жолданады.
Көшпелі отырыста қорғаныс және қауіпсіздік мақсаттары үшін жер телімдерін рәсімдеу, сауда жөніндегі бірқатар шектеулерді алып тастап, валюталық шектеуді ретке келтіру жағы да сөз болды. Барлық сұрақтар Парламент қабырғасында қаралмақ.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы