Президент: Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді
«Қазақ тілі – ұлттың ұйысу негізі. Оның қолданыс аясын кеңейту – тек тіл мамандарының емес, тұтас қоғамның міндеті». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының оныншы құрылтайында осылай деді. Мемлекет басшысы қазақ тілін ғылым мен өндірістің де тіліне айналдыру қажеттігін атап өтті. Ол үшін ғылыми еңбектерді қазақша жазуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға басымдық беру керек. Президент орфографиялық ережелерді жүйелеп, сөздіктерді жаңартуды тапсырды. Бұл жұмыс 2027 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Сонымен қатар қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуетін арттыру, оны үйренгісі келетін азаматтарға қолайлы жағдай жасау маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге мүмкіндік беретін озық әдістемелер, соның ішінде цифрлық оқу құралдарын әзірлеу қажет. Жалпы, бұл мәселе қоғамда жиі айтылып жүр. Осы жұмысқа тіл мамандарын, ақпараттық технология саласының өкілдерін жұмылдырған жөн.Қазақ тілін білетін адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды танып-біледі. Тілді меңгерген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы