Алматыдағы Шекара қызметі академиясының курсанттары ант қабылдады
Алматыдағы Шекара қызметі академиясына биыл оқуға түскен курсанттар ант қабылдады. Барлығы 243 жас сарбаз осыдан екі ай бұрын академия қатарына қабылданған. Ол үшін олар академияның медициналық және психологиялық тексеруінен, дене шынықтыру дайындығынан нормативтер тапсырып, кешенді тестілеуден тұратын конкурстық іріктеуден өткен.
Ал, екі айдың ішінде шекара қызметінде қолданылатын қару-жарақ және техника түрлерімен танысқан. Осындай сынақтардан сүрінбей өткен жастар енді оқуға шындап кірісіп, алдағы төрт жыл бойы шекарашы жұмысының бар қыр-сырын үйренеді.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзі
10.11.2026, 13:06
Мемлекет басшысы: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей
10.11.2026, 12:45
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру шамдары жағылды
10.11.2026, 10:15
Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды
10.11.2026, 10:12
Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет
10.11.2026, 10:10
Студенттерді тұрғылықты жеріне тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін
10.11.2026, 10:09
Ұлытауда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек
10.11.2026, 10:08
570 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
10.11.2026, 10:08