«Отбасылық сот» жобасы жүзеге асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отбасылық сот» жобасы жүзеге асырылды

07.09.2018

Елордадағы Алматы аудандық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс істей бастады. Аталмыш сотты енгізудің мақсаты - отбасы құқығын қорғау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу. Осы да өзге мәселелерді талқылаған құқық саласының мамандары бүгін дөңгелек үстел басында кездесті. Жиын барысында ажырасу шегінде тұрған отбасыларға бастапқы тегін психологиялық көмек көрсетудің шарттары талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда әр үшінші неке бұзылады. Алайда, осы жаңа жоба аясында наурыз айынан бері некені бұзамын деп сотқа жүгінген ата-аналардың 200-ге жуық баласы өз отбасында қалатын болды.

Ақтоты Әбдіқұлова, Сарыарқа аудандық сотының судьясы:

- Барлық соттарда татуластырушы судьялар тағайындалған. Бұл жобаның шегінде соттар, судьялар істерді қарардың алдында тараптарды шақырып, оларды татуластыру рәсімін өткізуге ұсынады. Ол тараптардың өз еркі. Соның ішінде атап өтсек, жанұя мәселелері өте көп.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу