Отбасы құндылығын жоғалтпау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасы құндылығын жоғалтпау керек

06.09.2018

Әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі қоғамда отбасылық құндылықтардың құлдырауына да себеп болып отыр. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өткізген жиында елімізде соңғы уақытта ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейіп кеткені, мәліметтер бойынша әрбір үшінші отбасы көп ұзамай айырылысып тынатыны айтылды. Мамандар жастардың мұндай қадамға баруын негізінен олардың әлеуметтік жағдайымен байланыстырады. Жиынға қатысушылар сондай-ақ, жасөспірімдердің жүктілігі мен ерте жаста түсік жасату жағдайларының, жалғызбасты аналардың көбейіп кетуі жайында әңгіме қозғап, ақылдасты. Елімізде қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын шешуге көмектесетін 31 дағдарыс орталығы жұмыс істейді екен. Отбасылық институттар тағы бар. Алайда, саладағы проблемалардың алдын алу жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмей келеді. Осы орайда Гүлшара Әбдіқалықова жақында ғана құрылған Қоғамдық даму министрлігіне нақты тапсырмалар берді. 

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Ең басты проблеманы алатын болсақ, айырылысу проблемасы. Жас отбасыларда мұндай проблема көп. Эксперттермен кездескенде сол проблемаларды көтергім келеді. Ол проблема неден туындайды? Әсіресе, жас отбасылардың үйі жоқ, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жоқ. Соның бәрін талқылап, бүгін пікір ой пікір бөліссек.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу