Басты Жаңалықтар Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде сарбаздар мен ата-аналардың онлайн кездесуі өтті

Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде сарбаздар мен ата-аналардың онлайн кездесуі өтті

Өткен жылы өңірден 100-ге жуық азамат Қостанай, Петропавл және Ақмола облыстарына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған екен. Олар қазір қандай жағдайда өмір сүріп жатыр? Күш көрсету, зорлық-зомбылық жоқ па? Ата-аналарды алаңдатқан осы сұрақтар кездесуде жан-жақты талқыланып, толық ақпарат берілді. Балаларын көріп, тілдескен ата-аналардың кейбірі көз жасына ерік берді. Бұл күні оларға казарма, асхана, лазарет, жаттығу алаңдары, барлығы таныстырылды. Енді командирлер келешекте мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұруға ниетті.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары:

- «Ашық есік» күнін өткізіп отырмыз. Кейін бүкіл Қазақстанда осындай іс-шараларды өткіземіз. Халық әскери бөлімдер не істеп жатқанын, олардың балалары қалай өз міндеттерін орындап жатқанын білуі керек.

Алмас Байсарин, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Әскери бөлімшемен толық танысып шықтық. Асханасын да, жатақханасын да, техникасын да көрдік. Көңілімізден шықты. Ұлттық ұланға жақсы бала тәрбиелеп, жігіт қылып шығарып жатқандарына рахмет. Ата-аналар уайымдамаңыздар, бәрі жақсы. Балаларымыз өте риза.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу