Бүгін Мәжілісте осы сессиядағы алғашқы жалпы отырыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мәжілісте осы сессиядағы алғашқы жалпы отырыс өтті

05.09.2018

Депутаттар заң шығару жұмыстарына белсене кірісті. 17 заң жобасын жұмысқа алды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттардың басты міндеті – Елбасы белгілеген бағыттарды жүзеге асыру үшін сапалы заңдармен қамтамасыз ету.

Нұрлан Нығматулин,  ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біздің енді басты мақсатымыз – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген міндеттерді өз уақытында, сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Соның ішінде, Елбасымыздың жаңа тапсырмаларына сәйкес, әлеуметтік жағдайды одан әрі күшейтуге, экономиканы дамытуға және ұлттық-рухани байлықты сақтауға біз ерекше көңіл бөлетін  боламыз.

Жалпы отырыста Мәжіліс төртінші сессияға арналған жоспарын бекітті. Құжат – «Ұлт Жоспары», бес әлеуметтік бастама мен бірлескен отырыста Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырмаларды орындауды көздейді. Бұл сессия мазмұнды болмақ, қыруар жұмыс күтіп тұр. Парламенттік тыңдаулар, Үкімет сағаттары, халықаралық конференциялар мен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу