Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының әкімі пара алғаны үшін ұсталды
Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Әкім жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан 185 мың ресей рублі сомасында ақша алған. Теңгеге шаққанда 1 миллион көлемінде. Әкімінің қылмысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюромен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында әшкере болған. Парақорлық фактісі оның кабинетінен анықталып отыр.
Нұрлан Жахин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Ол өз кінәсін қазіргі уақытта толық мойындады. Сондықтан да, қазіргі уақытта қылмыстық процесстік кодекс бойынша гуманизация жүргізіліп жатыр. Егер де күдікті өз кінәсін мойындаса және де жалпы қоғамға оның зияны болмаса оны ұстау, мысалы, қажет емес.
Агенттік өкілдерінің сөзінше, биыл маусымда жүзеге асырылған «Кеңсе жобасы» нәтижесін беріп отыр. Соңғы 3 айда 126 мекеме қорғауға алынып, 90-ға жуық жемқорлық фактісінің алды алынды. Бұл мақсатта мемлекеттен 5 миллион теңге бөлінген еді. Айта кетейік, Астанада ашылған жобалық кеңсе инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауға кепілдік береді. Құрылған мақсаты - ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы