Астаналық дәрігерлер қайтыс болған жүкті әйел туралы ақпарат берді. Кешегі хабарымызда айы-күні жетіп отырған 35 жастағы Эльфия есімді келіншектің көз жұмғанын айтқан болатынбыз. Мамандар Эльфияға «Су қағанағының қан эмболиясы», яғни, қан тамырларының бітеліп қалуы диагнозын қойып отыр. Бұл - босанатын әйелдердің кенеттен қайтыс болуына себепші болатын аурулардың бірі екен. Астананың бас акушер-гинекологы Иван Коркан мұның 15 мың әйелдің ішінен біреуінен табылатын сырқат екенін жеткізді. Сондай-ақ, ондай дертке шалдыққандардың 90 пайызының тірі қалмайтынын да айтты. Десе де, соңғы үш айда бір орталықта бес бірдей келіншектің қаза болуы халықтың медицинаға деген күдігін туғызып отыр. Тіпті, сол перзентханаға қарайтын жүкті әйелдер ол жерге баруға қорқып жүр. Дәрігерлер болса, ондағы акушер-гинекологтарды қайта оқытпақшы.
Әлия Рүстемова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары:
- Перинаталды орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылды. Қайтыс болған әйелдерді тудыруға қатысқан акушерлерге де қатаң сөгіс берілді. Негізі, акушер-гинекологтардың, анестезиолог пен неонатологтардың жұмысы өте қиын. Ешкімнің барғысы келмейді. Сол себепті, ол жерде кадр тапшылығы бар. Қазір оларды оқытуға жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Тіпті пәтермен қамтамасыз ету де қарастырылып жатыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.