А.Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасының Азиададағы өнеріне байланысты түсініктеме берді
Бүгін әлеуметтік желіде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасының Азиададағы сүреңсіз өнеріне байланысты түсініктеме беріпті. «Зілтеміршілердің жарыстан шеттетілуі, даңқты боксшылардың кәсіпқой боксқа ауысып кетуі, әрі 3 бірдей боксшының жарыстан аластатылуы, Елдос Сметовтың жарақат алуы, теннисшілердің өзге жарысқа кетіп қалуы құраманың сәтсіз өнер көрсетуіне себеп болды». Арыстанбек Мұхамедиұлы тиісті ақпаратты фейсбук парақшасында жария етті. «Аталған факторлар кері әсерін тигізбегенде біздің құрама 15 емес, 26 алтын медаль алатын еді»,-деп қорытындылады министр өз сөзін.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы