Түркітілдес елдер кеңесі аясында қандай жиындар өтті, қандай ұйымдар құрылды?
Түркі кеңесінің құрылуы - түркі халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігі идеясының халықаралық аренада нақтылануы. Осыдан 9 жыл бұрын қазығы қағылған ұйымның көтерген жүгі ауыр.
2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжанның Нахчыван қаласында түркітілдес мемлекеттер басшыларының 9-шы саммиті өткен болатын. Сол жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы ұйым құрылған еді. Оның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттері кіреді. Өзара іс-қимылды үйлестіруді іске асыру үшін Стамбул қаласында штаб-пәтері бар.
Жыл сайын ұйымға мүше елдердің бірінде саммит өтеді. Оның алғашқысы 2011 жылы Алматыда ұйымдастырылған еді. Араға жыл салып Бішкекте, кейін Әзірбайжан, Түркияда, 2015 жылы Астанада кеңеске мүше елдердің басшылары жиналған болатын. Биыл Шолпан-Ата қаласында кезекті мәрте бас қосып отыр.
Түркі кеңесінің негізінде кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, мәдени байланыс орнату жөнінде талай меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, оның аясында 9 жылдың ішінде Түркі академиясы, Түркітілдес мемлекеттердің ақсақалдар кеңесі сынды өзге де ұйымдар құрылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы