Атырау облысындағы Томарлы ауылында Мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы Томарлы ауылында Мәдениет үйі ашылды

31.08.2018

Атыраудағы Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы ауылында Мәдениет үйі ашылды. Елді мекеннің құрылғанына - 90 жыл. Бұл сол аралықта пайдаланылуға берілген алғашқы Мәдениет үйі. Нысан 400 адамға лайықталған.  Қос қабатты ғимаратта кітапхана мен компьютерлік сынып, сондай-ақ, би залы бар. Сахна заманауи технологияға негізделген жарық шамдармен көмкерілген. Ал, келер жылы Қайыршақты елді мекенінде бұдан өзге 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталмақ.

Ұлдай Айтышова, тұрғын:

- Елбасымыз жастарды болашаққа бастап, үлкен жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл соның бірі. Осы елді мекенде Мәдениет үйі жоқ еді. Міне, бүгін үлкен Мәдениет сарайы ашылып, халық оған қуанып жатыр.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу