Қарағандыда Конституция күні мерекесінде 60 отбасы қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Конституция күні мерекесінде 60 отбасы қоныс тойын тойлады

31.08.2018

Қарағанды қаласында Конституция күні мерекесіне орай 60 жанұя баспаналы болды. Олардың барлығы да ұзақ жыл кезегін күткен мұқтаж жандар. Бұл күні 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер мүгедек жандарға, соғыс ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға үлестірілді. Қоныстой иелерінің қуанышында шек жоқ. Жалпы, бұл бес қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Ал жыл соңына дейін 325 пәтер тапсыру жоспарда. 

Назым Ахметова, қала тұрғыны:

- Отбасы құрғанымызға 3 жыл болды. Үйді көп күттік. Өте қуаныштымыз. Риза болып жатырмыз. Конституция күні барлықтарыңызға құтты болсын! Әр отбасы осындай қуанышқа кенеле берсін!

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу