Алматыда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті

30.08.2018

Шараның басты ерекшелігі – тек қана ұлттық нақыштағы музыкалық шығармалар орындалды.

Республика сарайын лық толтырған көрермендер халық әндерімен сусындап, кейбірін қосылып бірге шырқады. Кеш барысында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолы жайлы бейнероликтер көрсетілді. Ал, қала әкімі Бауыржан Байбек алғашқы Конституция осы Алматы қаласында қабылданғанын атап өтті. Сондықтан, бұл күннің алматылықтар үшін ерекше мейрам екенін жеткізді.  

Шмит Илиясов, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

- Еліміздің ең үлкен мерекесі – ҚР Конституция күні. 23 жылдың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Барлық жетістік біздің халқымыздың еңбегі.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу