Алматы облысында халықаралық «Бірлік» жасөспірімдер лагері жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында халықаралық «Бірлік» жасөспірімдер лагері жұмысын бастады

30.08.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға әлемнің әр қиырынан қонақтар келді. Мұнда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары жастарға өздерінің жетістіктері туралы баяндап, биік белесті бағындыру жолдарын айтып берді. Қатысушылар төрт күн бойы қазақтың салт-дәстүрімен сусындап, халқымыздың бай мұрасын танып біледі. Сондай-ақ, жиналғандарға «ел бірлігі» идеясының маңызы түсіндіріледі.    

Хадичахан Рафикова, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:

- Мен бүгінгі лагерьге келген жастардың көзінің отын көріп қатты қуандым. Өйткені, оларда болашаққа деген сенім бар. Қойған сұрақтары мен сөйлеген сөздерінен білімге құштар екендіктері көрініп тұр. Мұндай лагерьлер жастарды жігерлендіреді деп есептеймін.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу