Қызылордада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты шара өтті. Осыдан 23 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданған еліміздің басты құжаты бүгінде Тәуелсіздігіміздің тірегіне, ел дамуының қайнар көзіне айналды.
Тарихи да тағдырлы шешім қаабыыдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан айтулы күнді облыстың барлық аудандары атап өтуде. Соның ең ауқымдысы Нартай Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында болған салтанатты жиын. Аймақтың зиялы қауымы, Қарулы күштер құрылымдары мен жалынды жастар қатысқан шарада мемлекеттік мерекенің маңызы дәріптелді. Конституцияның ел мен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлі айшықталды.
Конституцияның қабылдануын бірауыздан қолдаған Қазақ елі жарқын келекшектің негізін қалады. Сондықтан, Конституцияға құрметпен қарау, оның талаптарын орындау - әр азаматтың парызы.
Ел дамуының темірқазығы саналатын іргелі құжат өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Жарқын істердің қайнар бастауы болды. Алдағы уақытта да жаңа дәуірдегі Қазақстанның қуатты мемлекетке айналуына кепіл болатынына сенім мол. Конституция күніне арналған шаралар Сыр елінде әлі де жалғасады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.