ҚР Конституциясы бүгінгі заман талабына сай озық үлгідегі құжат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Конституциясы бүгінгі заман талабына сай озық үлгідегі құжат

29.08.2018

Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты зерттеліп барып жасалған озық үлгідегі құжат. Бүгін елордада өткен халықаралық конференцияға қатысқан заң мамандары осылай деді. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар, еліміздің өзгелермен экономикалық, мәдени байланысы толық қамтылған. Бастысы, заңның алғашқы бабы барлық құндылықтардың ішінен адам өмірі мен оның денсаулығын жоғары қояды. Шетелдік мамандар біздің Ата заңның ең ерекшелігін осы тұста атап өтті. 

Жалғас Темірбеков, заң ғылымдарының докторы:

- Қазіргі заман күн сайын өзгеріп отыр. Яғни, Конституция заман талабына сай келуі керек. Конституция қоғамды, мемлекетті, алға жылжытуы керек, оның локомативі болуы керек. Сондықтан да, қажет болған жағдайда оған өзгеріс енгізілуі дұрыс.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу