Бұдан былай қала әкімі Әсет Исекешев жұмысына таксимен қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай қала әкімі Әсет Исекешев жұмысына таксимен қатынайды

28.08.2018

Тек әкім ғана емес, қарамағындағылар да қарапайым көлікке отырады. Ал шенеуніктерді таксопарктың көліктері таситын болды. Қала әкімінің жүргізушісі кез келген адам болуы мүмкін. Таксопарк басшы мінетін көлікті немесе жүргізушіні ауыстыра алады. Әкім демалып жатқанда ол жүргізуші басқа да таксистер секілді өзге  ұйымдар үшін жұмысын жалғастыра береді. Маңына басқаны жолатпайтын Астана қаласы әкімдігінің автотұрағына қарапайым адамдар да көліктерін қоя алатын болады. Жаңа жоба бойынша 5 жылға келісімге қол қойылды. Жалпы, такси құны 2 млрд. 71 млн. теңгені  құрайды. Яғни, әкімдіктің шығындары 20 пайызға азайған.

Ғани Есқалиев, Астана қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы:

- Бес жылдың ішінде қала әкімдігі машина сатып алмайтын болады. Бұл жағынан да үнем болады. 60-қа жуық автомобильдерді әкімдікке қарасты байланыстарға таратамыз, яғни, полиция қызметкерлеріне,  мектептерге, ауруханаларға береміз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу