Сенат Төрағасы шетелдік әріптесі Лассина Зербоны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы шетелдік әріптесі Лассина Зербоны қабылдады

28.08.2018

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымы дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербоны қабылдады. Тараптар 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне орай өтетін конференцияның  маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «ядролық қаруды таратпау мәселесін Қазақстан тұрақты назарда ұстайды. Біздің бұл бағыттағы жұмысымыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде белсенді жалғасады», -  деді.

«Қазақстанға ядролық сынақтарға тыйым салу ұйымына жәрдемдескені үшін алғысымды білдіремін. Біз осы маңызды мәселе бойынша сіздердің қолдауларыңыздан  үміттіміз», - деді  Лассина Зербо.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу