Елордада Конституция күніне арналған конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Конституция күніне арналған конференция басталды

28.08.2018

«Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның жəне қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру». Дәл осындай тақырыпты арқау еткен халықаралық конференция бүгін елорда да басталды. Конституция күніне арналған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жиынға қатысушыларға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы хатын оқып берді. Хатта Елбасы «Құқық үстемдігі, Конституцияның биік мәртебесі, заң билігі – Қазақстанның бүгінгі таңдағы табысты дамуының негізі» екенін атап өткен. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанды бүкіл әлемде жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп танитыны айтылды. 15 мемлекеттен келген меймандар мен заңгерлер екі күн қатарынан ғылыми-практикалық конференция аясында пікір алмаспақ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу