Басты Жаңалықтар Мәдина Әбілқасымова: Мемлекеттік дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 миллионнан асады

Мәдина Әбілқасымова: Мемлекеттік дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 миллионнан асады

Мемлекеттік дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 миллионнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Министр осы жылдың 7 айында азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бағытында жүргізілген жұмыс бойынша есеп берді. Айта кетерлігі, жыл басында мемлекеттік дерекқорларда ешбір мәртебесі жоқ халық саны 2,7 млн. адамды құраған еді. Осы уақыт аралығында министрлік жартысына жуығының статусын анықтап үлгерген.

Сондай-ақ, министрлік мәртебесі жоқ азаматтар саны жиі кездесетін өңірлердің тізімін де жасап қойған екен. Мәдина Әбілқасымова әсіресе, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарына баса назар аударып, бұл өңірлерде осы мәселені тездетіп шешу керек екенін жеткізді. Республика бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында бұған дейін құқығы бұзылып келген 500 мыңнан астам адам жұмыс берушімен еңбек келісімшартына қол қойып, олардың зейнетақы қорларына төлемдер түсе бастады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- 17 мыңнан астам азамат жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам  әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың адам жүктілікке байланысты есепке қойылды. 642 мың азамат үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар, 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу