Басты Жаңалықтар Ата-ана назарына: Мектептің керек-жарағына Үкімет қыруар қаржы бөледі

Ата-ана назарына: Мектептің керек-жарағына Үкімет қыруар қаржы бөледі

Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын, егер де мектеп басшылығы мұғалім арқылы сіздерден  ақша жинауды талап етіп жатса, шағымдануыңызға қақыңыз бар. Себебі, мектептің керек-жарағына Үкімет қыруар қаржы бөледі. Мұны бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. Жалпы, білім ордаларына мемлекеттен ақша бөлінетіні бұрыннан белгілі. Алайда, «сыныптың жөндеу жұмыстарына, безендіруге қаражат жинаймыз» деген ата-аналардың арызы азаймай тұр. «Астана - адалдық алаңы» жобасының мамандары жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша, 100 адамның 85-і білім ордаларында ақша жиналатынын мойындаған. Одан қалды, баланы бақшаға орналастырудың өзінде сыбайластықтың барын жеткізген. Ал, оның жолын кесу үшін қазір балғындарды электронды кезекке тұрғызу қолға алынды. Бұл жерде кезекті жылжытып жіберу мүмкін емес.

Жазира Жылқышиева, «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

- Әрбір мектеп, Білім басқармасы, Астана қаласы әкімінің де әлеуметтік желіде ашық парақшасы бар. Сондықтан, тек ашық түрде айту керек. Айтпаған жағдайда оның қалай болып жатқанын кім біледі? Мұғалімдер емес, ата-аналар айтуы керек.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу