Басты Жаңалықтар Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесіне Германияның тәжірибесі енгізілмек

Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесіне Германияның тәжірибесі енгізілмек

Бүгін Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков және құқық қорғау органдарының жетекшілері неміс делегациясымен осы мәселені талқылады. Яғни, қазақстандық полиция, сот және прокуратура қызметтеріне әріптес елдің үздік тәжірибелері енгізілмек. Екі елдің қылмыстық іс жүргізу тәсілдерінде үлкен айырмашылық бар. Қазақстанда істі сотқа полиция қызметкерлері жіберсе, Германияда тәртіп сақшыларынан соң іс прокуратура мамандарына өтеді. «Бұл процестің әділ, ашық өтуін қамтамасыз етеді», - дейді Майндағы Франкфурттың Бас прокуроры. Дегенмен, шетелдік әріптестер Қазақстандағы жүйенің артықшылықтарына да тоқталып өтті. 

Альбрехт Шрайбер, Майндағы Франкфурттың Бас прокуроры:

- Мен Қазақстандағы қылмыстық істерді цифрландыру бағытындағы жұмыстарға қатты таң қалдым. Бізде мұндай қарқын жоқ. Меніңше, істі электронды жүргізу өте ыңғайлы. Жұмыстар жылдам жүреді әрі қатысушылар кез келген уақытта істің барысын қадағалап отыра алады. Бұл біздің Қазақстаннан үйренетін тұсымыз десем болады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу