Сапалы дәретхана салған кәсіпкерлер түрлі салықтан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы дәретхана салған кәсіпкерлер түрлі салықтан босатылады

27.08.2018

Алматы облысының Түрген шатқалында әлемдік деңгейдегі шаңғы курорты салынады. Бүгін «Туризм» туралы заң жобасын ведомствоаралық талқыға ала келген Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов осылай деді. Ұзындығы 90 шақырымға жуық шаңғы жолының орны дайын. Ендігісі, сол араға инфрақұрылым тарту екен. Ерлан Қожағапанов елімізде сапалы жолдар салынғанымен, жол бойы қызмет ақсап тұрғанын тілге тиек етті. Оның ойынша, дамыған елдерде әр 50 шақырым сайын дәретхана орнатылған. Әрі олар өте сапалы болуы шарт. Ең бастысы, ыстық сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Қожағапановтың айтуынша, бүгінде жол бойындағы жанар-жағармай құю станцияларында дәретханалар қойылған, алайда, олар оған жолаушыларды кіргізбейді. Себебі, кез келген бизнес үшін дәретхананы ұстап тұру қып-қызыл шығын. Вице-министр сапалы дәретхана салған кәсіпкерлер түрлі салықтан босатылатын айтты. Әрі мемлекеттен көмек алып тұрмақ. Алдын ала болжамға сай, ондай дәретханаға бір кіріп-шығу 500 теңге тұрмақ.

Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Елімізде халықаралық сапаға сай екі дәретхана бар. Олардың біреуі әуежайда, екіншісі Астана вокзалында.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу