СІМ-нің жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн. АҚШ доллары тәркіленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ-нің жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн. АҚШ доллары тәркіленген

24.08.2018

«Күні кеше әріптестеріңіз болып жүріп, пара алып, қамауға алынған азаматтардың мысалы сіздерге сабақ болуы тиіс». Бүгін Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерімен «тәрбие сағатын» өткізген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов осылай деді. Агенттік мамандары СІМ-нің жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн. АҚШ доллары тәркілегенін жария етті.

Ол қол астындағы қызметкерлерден жүйелі түрде пара алып тұрған. Осы орайда сыртқы саясат мекемесінің биылдың өзінде 75 мың мемлекеттік қызметті қағаз жүзінде жүргізгені, әлем сандық дәуірге аяқ басқанда әлі де қағазбастылықтан арыла алмай отырғаны атап көрсетілді.

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары:

- Барлықтарыңызды адал қызмет етуге шақырамын. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты сіздердің бұрынғы әріптестеріңізді көрсету. Заң бұза отыра сіздің жауапсыз қалмайтыныңызды тағы бір мәрте еске салу еді.  

 Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу