Жамбыл облысынан әкелінген қауіпті қарбыздар жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысынан әкелінген қауіпті қарбыздар жойылды

24.08.2018

Астаналық инспекторлар азық-түлік қауіпсіздігін күшейтті. Себебі, қазір жеміс-жидек пен көкеніс науқаны қызып тұр. Мәселен, олар Жамбыл облысынан әкелінген бір партия қарбыздан қауын шыбынын тапқан. Зиянкестер зақымдаған өнімдер тәркіленіп, бүлінген қарбыздар көму әдісімен жойылды. Аталған факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық актісі рәсімделді. Тауар иесі 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Қазір сауда орындарының барлығында инспекторлар қырағы жұмыс істеуде.

Сымбат Қалиасқаров, Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

- Морфологиялық ұқсастығы бар карантиндік объектілер анықталған жағдайда міндетте түрде біздің құзыретті мекемеміз зертханаға жіберіледі. Зертханада нақтыланған кезде жаңағы өнімдер ішінен іріктеліп алынады да, сақтауға қойылады. Соттың шешімі шыққаннан кейін осындай карантиндік іс-шаралар жүргізіледі.

Ержан ТӨЛЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу