Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Уәлихан Қайназаров, Берік Оспанов және Дархан Мыңбай Түркістан қаласына барды. Депутаттар мемлекеттік тарихи-мәдени этнографиялық орталықта болып, қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамалық жобаларымен танысты. Одан кейін шахардағы индустриалдық аймақта орналасқан жиһаз шығаратын зауыт ұжымымен кездесті. Кәсіпорында жиһаздың 200-ге жуық түрі шығарылады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне, сонымен қатар, Ресейге экспортталады. Болашақта жиһаздарын өзге де нарықтарға шығару жоспарланып отыр. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған кәсіпорында 100-ден аса адам еңбек етеді.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Түркістан облыс орталығына айналғаннан кейін, бүкіл түркі әлемінің ортақ қасиетті қаласы болған соң, бұл жердегі өнімнің сапасы жоғары, әлемдік стандарттарға сай болуы керек. Соған сәйкес, жұмыс істеп жатыр. Меніңше, бұл жердің шығарып жатқан төл өнімдері осында көшіп келген барлық қызметкерлерге, халыққа, жалпы, Қазақстанның барлық өңірлеріне ұнайды деп ойлаймын.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.