Басты Жаңалықтар «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдады

«Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдады

Сұрақтар көбінесе қаржылай көмек алу мен заңдық кедергілер турасында болды. Шетелден жұмысшы жалдағаны үшін алынатын салықтың көптігі біраз кәсіпкерге ауыр тиіп жүр екен. Жалпы, бүгін 9 адамның мәселесі тыңдалды. Оның үшеуі Алматы қаласы мен Түркістан облысынан онлайн байланысқа шығып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Жыл басында өткен дәл осындай қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелердің 85 пайызы шешіліп, қалғаны бойынша қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 

Ақнұр Абеева, «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары:

- Егер құқықбұзушылық бар болған жағдайда біз сізге жауап беруге дайынбыз. Қазір «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тегін кеңестерін онлайн форматқа ауыстырып жатыр. Сіз арнайы кәсіпкерлер палатасына келмей, өзіңіздің үйіңізден компьютер арқылы онлайын өтінім тапсыруыңызға болады. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу