Басты Жаңалықтар Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен жүздесіп қайтты. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытып, жаңа технологияның игілігін көріп отырған  шаруашылықтарды аралады.

Соның бірі - Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығы. Мұндағы жылыжай голланд технологиясы бойынша соғылған. Қол жұмысы – аз, өнімі – мол. Халық қалаулылары тоқтаған ірі серіктестіктің бірі – «Аса-Даму» құс фабрикасы. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған жобаның жылдық өнім қуаты - 914 млн. теңге. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібі өрге басқан серіктестік келешекте шаруасын ширатып, өндіріс ауқымын ұлғайтпақ.    

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу