Астана бойынша құрбан шалатын 6 орын белгіленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана бойынша құрбан шалатын 6 орын белгіленген

21.08.2018

Мұсылмандар мерекесі қарсаңында құрбан шаламын деушілердің қарасы қалың. Арнайы белгіленген орындарда құрбан малын сатып алып, сол жерде сойғызуға болады.

Құрбан шалу орнында малдың бағасы мен сою тәртібі ретке келтіріліп қойған. Қойлар бағасына қарай түрлі орындарға бөлек қамалған. Пұлы кассаға өтеледі. Яғни, алыпсатарлар үстінен ақша қосып, пайда таба алмайды. Алған құрбандығын қасапшылар сол жерде сойып береді.

Марат Қасымұлы, қала тұрғыны:

- Жылда осы жерден мал алып, құрбан шаламыз. Ағайын-туыстарды шақырып, дәм ауыз тигіземіз. Үшке бөліп, бір бөлігін өзіміз алып қаламыз. Бір бөлігін жағдайы нашар адамдарға, мешітке береміз. Келесі жылы құрбандыққа жетуге Алла Тағала нәсіп етсін.

Осы жерде шалынған құрбанның етін мешітке, қайырымдылық ұйымдарына тура жеткізу үшін де арнайы көліктер қарастырылған. Жыл сайын мұқтаж жандарға үлестірілетін 3-4 тонна ет жиналады екен.

Әділхан Иманәліұлы, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы:

- Осында «Нұр Астана» мешітінің, Астана медрессесінің, қарилар медресесінің сонымен қатар, бірнеше қайырымдылық мекемелерінің көліктері тұр. Халық өткізіп жатыр. Жиналған еттерді мешітте тіркелген мұқтаж жандарға үлестіріп беретін болады.

Астана қаласы бойынша құрбан шалатын арнайы 6 орын белгіленген. Олар: «Метро» сауда үйі, Алаш шоссесінде орналасқан «Нұрбереке 555» ЖШС мен «Жайлау» базары, Астана-Павлодар тасжолындағы «Шаушен» ШҚ, Астана-Софиевка тасжолындағы «Темеш» қожалығы және «Алтын таға» базары.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу