Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Бас мүфти әр отбасыға амандық, денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тіледі. Күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесінің бірі - Құрбан айттың маңызын атап өтті.
Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти:
- Құрбан айт мерекесі күні ел тұрғындарының жүрегінде достық, бауырмашылдық, сүйіспеншілік, өзара құрмет, бір-біріне қолұшын беру секілді сезімдері атойлайды. Ағайын-туыс, құда-жекжат, ұлт пен ұлыстың қарым-қатынасына бақ-береке еніп, сүйіспеншіліктің гүлі қауыз жарады. Ендеше, отандастарымызды және барша мұсылман қауымын келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жеткізуді жазсын деп тілеймін.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.