Алматының орталық мешітінде 1300 балаға қайырымдылық жасалды
Алматының орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында 1300 балаға қайырымдылық жасалды. Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға сөмке және жазу-сызу құралдары тарту етілді. Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесіне орай «айттық сыйлықтар» берілді. Шараға қатысқан кәсіпкерлер мен мешіт қызметкерлері, қалалық әкімдік өкілдері жастардың алдағы маусымда жақсы оқып, еліміздің тірегі болатын ұландар болып өсуіне тілектестігін білдірді.
Еркінбек Шоқаев, орталық мешіттің Бас имамы:
- Егер бала мешіттен жақсылық көретін болса, кейін есінде қалады. Бұл балалардың жүрегіне имандылықты қалыптастыру шараларының бірі деп есептеуге болады. Иманды бала елге Отанға қызмет ететін болады.
Амангелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы