Павлодарлықтар метеоритті тамашалауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлықтар метеоритті тамашалауда

20.08.2018

Аймақта «көктен түскен тас» алғашқы рет көрмеге қойылды. Шараны ұйымдастырған «География үйі» қорындағы геологиялық экспонаттар арасында облыс аумағынан табылған минералдар мен сырты балқып, қабыршаққа айналған таудың тастары бар. Одан бөлек, малахит, ақық, гранит, яшма, лазурит, азурит сынды бағалы тастар мен жанартау бомбасын көруге болады. Ал, 1989 жылы Аққулы ауданынан табылған «аспан тасы» сырт қарағанда Челябі метеоритіне қатты ұқсайды. Айырмашылығы, темірден емес, таза кремнийден құралған. Ғылым үшін құны өте жоғары болғанымен, зерттеушілердің назарынан тыс қалған. 

Виталий Кожокар, «Павлодар география үйі» жетекшісінің орынбасары:

- Біздің қорымызда екі ерекше жәдігер бар. 1989 жылы Аққулы ауданында метеоритке ұқсайтын тас табылған. Кремнийден құралған метеориттің ен далада қайдан пайда болғанын әлі де зерттеп жатырмыз. Бірақ, нақты талдау жүргізу үшін АҚШ-тағы немесе Ресейдегі арнайы зертханаға жіберу керек. Бұған, әлбетте қаржы қажет. Оның үстіне тасты талдамаға жіберу үшін бөлшектеуге тура келеді. 

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу