Павлодарда зағиптарға арналған диск шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда зағиптарға арналған диск шығарылды

20.08.2018

Павлодарда «Шекарасыз қызметтер» атты зағип жандарға арналған кітапша мен аудио диск жарық көрді. Онда мемлекеттік қызмет көрсету түрлері Брайль жүйесімен жазылған. Әзірге 50 кітапша мен 20 диск шығарылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратылды. Павлодар облысында 2500-ден аса көзі нашар көретін азаматтар бар. 70 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олар құжат алу, аурухана порталына кезекке тұру, мекенжай ауыстыру сынды мәселелермен зағиптар қоғамына хабарласатын. Брайль әліппесін меңгергендер енді өз беттерінше шаруаларын реттей алады.   

Аягөз Мусапирова, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл кітапшада мемлекеттік қызмет түрлері, қызмет алудың жолы, құқық бұзылған жағдайда қайда хабарласу керек екені жазылған. Сонымен қатар, Call-орталығының 1414 нөмірі берілген. Ол арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын үйге шақыртуға болады.      

Болат АМАНБАЕВ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу