«Ұлы дала еліне саяхат» атты экспедиция жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала еліне саяхат» атты экспедиция жалғасуда

20.08.2018

Бүгін Астана қаласынан топ мүшелері төртінші яғни, «Сарыарқа» бағыты бойынша жолға шықты.  Еліміздің туристік  әлеуетін көтеруді мақсат тұтқан экспедиция Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Кереку жерлерін аралайды. 

Барлығы төрт жарым мыңнан аса шақырым жүріп өтпек. Жол талғамайтын көліктермен шыққан олар көпшілік  жете алмайтын орындарға барып, тұмса табиғаттың сұлулығын таспаға түсіріп алмақ.  Сондай-ақ, аймақтарға туристерді тартудың жолдарын іздеп, ұсыныстар әзірлейді.

Нұржан Алғашов, экспедиция жетекшісі:

- Тарихи, мәдени  мұрасы бар объектілерді көреміз. Фото-видео материалын жасап, туристік потенциалын көтеру үшін қандай жұмыстарды, шараларды жасау керектігін соның бәрін жазып, қазақ туризм компаниясына ұсынамыз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу